Қазақ «көп тілегі қабыл болады» дейді. Салт-дәстүрімізді бойына сіңіріп өскен, көпбалаы ана, өнегелі келін, талантты әнші Қарақат Әбілдина тыңдармандарына анасы үшін дұға етуді сұрады.
"Қызымның нағашы әжесі сырқаттанып, ауруxанаға жатып қалған еді. Алла дертіне шипасын беріп қуанышымыздың ортасында болса екен деп, тілеуін тілеп отырмыз. ИншАллах дұға тілектеріміз қабыл болсын.
Баршамызға жақсы амал жасауды нәсіп етсін. Ақ жаулықты аналар қауымына дұға жасап жатсаңыздар, менің анам Қаламқасты да қосып қойсаңыздар деген өтінішім де бар. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қашанда қабыл болады ғой, ин ша Алла. Бауырымыз бүтін, деніміз сау, жақындарымыз аман болсын", - деп жазды әнші желідегі жазбасында.