Қостанайда ауыр жүк көлігі бір емес, екі бірдей бағанаға соқтығысты деп жазады Alau.kz. Болған жайтты куәгерлер бейнекамераға түсіріп алған.
Портал мәліметінше, оқиға теміржол вокзалы маңында болыпты. Жүк көлігі алдымен бір бағананы соғып құлатып, артынша екіншісіне барып тіреліп тоқтаған. «Көлікке жүгіріп барсақ, ішінде жүргізуші қимылсыз жатыр екен. Бірден жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлердің айтуынша, көлік жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап қалған екен. Оны дереу ауруханаға алып кетті», – дейді болған жәйтті баяндаған куәгерлердің бірі.