Астанада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының маңы өртке оранды деп жазады «NewТimes.kz».
Әуежай жанындағы Майбұлақ көлінің маңында болған өртті куәгерлер телефон камерасына түсіріп алған. Бұл ақпаратты ҚР-ның ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті де растады.
«Қурап қалған шөптер мен қамыс өртенген. Оқиға орнына он өрт сөндіруші мен арнайы техника жеткізілді. Ешқандай қауіп жоқ, өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Төтенше жағдайлар комитеті.