07.07.2015, 18:00

Сыбайластыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды көздейді

Фото: otyrar.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары жуырда  колледждердің ұстаздарымен бірге «дөңгелек үстел»  басында жасөспірімдерді  сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтан сақтау мәселесін талқыға салды.

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өткен  жиынға қатысушылар  алдымен «Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық – қауіпті қоғамдық індет» атты ашық тәрбие сағатына қатысты.

Жиын барысында  жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру мәселесі көтерілді. Өйткені, заңды білген бала жасаған қылмысы үшін қандай жаза тағайындалатынын біле жүреді. Іс-шара барысында, әсіресе, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, оларды Қазақстанның патриоты болуға шақыру, сыбайластыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға тәрбиелеуге баса мән берілді.

Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Г. Мұсабекова, консультант А. Колосков, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары мен  белсенді студенттер қатысты. Студенттер  Елбасы ұсынған Ұлт жоспары - «100 нақты қадам», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу моделі, жемқорлық түсінігінің шығу тарихына қатысты  баяндамалар жасады. Департамент мамандары жиынға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, екі тарап алдағы уақытта тығыз жұмыс жасауға  уағдаласты.