$ 443.37  474.49  4.83

Қайрат Нұртас Рамазанның алғашқы күнінде мешітте болды (ВИДЕО)

Рамазан айының алғашқы күнінде өнер жұлдыздары да қарап отырмай, желдегі парақшаларына түрлі жазба қалдырып жатыр. Баян Алагөзованың өзі көпшіліктен «артық кеткен жерім болса кешіріңіздер» десе, Бағлан Абдрайымов ауыз бекіткендерге «орааларыңыз қабыл болсын» деп тілек білдірді. Ал Қайрат Нұртас болса, аранайы мешітке барып, тыңдармандарына Алланың үйінен арнайы сәлем жолдады.

«Ассалаумағалейкум, қымбатты жамағат! Баршаларыңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын!», – деп әнші тыңдармандарына жақсылық тілейтінін айтты.

Айта кетейік, бүгін түнде мұсылман қауым рамазанның алғашқы сәресіне оянып, ауыз бекітті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары