Баян Алагөзова қасиетті Рамазан айының алғашқы күні-ақ жұрттан ұрыс естіп қалды. Көпшілік оның крест алқамен түскен суретіне ашуланып, христиандарды насихаттап жүр деп сөкті.
«Қасиетті айдың басталғанына байланысты кімде кімді ренжіткен болсам, содан кешірім сұраймын», – деп жазды Алагөзова өзінің желідегі парақшасына.
Продюсердің басқа емес, неге дәл осы суретті таңдап салғаны түсініксіз.
Желі қолданушылары Алагөзованы ең болмағанда қасиетті айда жаман әрекет көрсетпеуге шақырды.
«Мойнына крест кулонын тағып алған ба? Не деген сұмдық? Ұят қайда, Баян?», «Осы-ақ әбден шаршатты. Ең болмаса рамазан айында жынымызға тимей отыршы», «Кімді мазақ қып тұр? Басқа сурет таппай қалды ма не?», – деп ашуланды көпшілік.