18.05.2018, 05:19

Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты естеліктерімен бөлісті (ФОТО)

Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевқа қатысты естеліктерімен бөлісті. Туған күнім қарсаңында осы сәттерді еске алғым келді деген ол желіге балалық шағындағы түрлі суреттерін жүктеді.

«Туған күнім қарсаңында бала күнімдегі бірнеше суреттермен бөліскім келді. Қатты өзгергенмін бе?

Әкеммен түскен сурет «куси» деп аталады. Яғни «күлші». Суретке түсірмес бұрын маған осылай айтатын», – деп еске алды ол.

Еске салайық, 2016 жылдың 10 маусымында Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев пышақтап өлтірмек болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаевты қамауға алып, «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеді. Ал, сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды.