Кейінгі кездері қазақ қоғымда кеңінен тарап келе жатқан мәселе бұл. «Тоқал». Арулардың зәресін ұшыратын, ерлердің әммесін зорайтатын әңгіме төңірегінде сөз бастасақ деп отырмыз.
Қанша дегенмен тоқал ұғымы бізге, ұлттық таным арқылы келген түсінік. Бұрын болған. Иә, осыны алға тартып, ұрандап отырған азаматтарымыз үшін таптырмас ақталу. Дегенмен, тоқалдықтың ең әуелгі алғышарттарының бірі бәйбішенің келісім. Егер бәйбіше тоқал алуға келісімін бермесе, онда әңгіме сол жерде тәмәм.
Ал ендігі кезек, мәселе һақына берсек. Қазақстандық арулар тоқал болуға дайын ба? Не болмаса қандай талап бойынша олар тоқал болуға дайын?
Осы орайда шағын эксперимент жасап көрген болатынбыз. Жауап легі осындай:
1. Байлық. Бұл ең көп айтылған жауап. Әйел адамдар жағдайын жасаса, оны бағып күтуге шамасы жетсе, сыйласса болғаны.
2. Махаббат. Егерде әйел адам өлердей ғашық болса, ер адаммен бірге болуда барлық кедергіге келісім береді екен. (анығын айту керек, бұл пікірді айтушы қыздар дегеніне өздері де сенбейтіндей көрінеді).
3. Діни көз қарас. Кейбір қарындас-әпкелеріміз осы арқылы жұмақ төрінен табыламыз деп отыр. Тоқал болу, не болмаса тоқалдыққа көнігу дін жолында мол ырзық берсе керек.
4. Әмеңгерлік. Кей әйелдер балалрын туытықтан ажыртпас үшін, күйеуінің жамағайынына тоқал болуға дайын екенін айтады. Бала- барым дейтін түсінік.
5. Жалғыздық фобиясы. Кезі келгенде әйел адамдар жалғыздықтан үрейлене бастайды. Сондықтан егде жастарында мұндай қадамға қуана келсуі тиіс. (Бұл жауапқа толық кепіл бере алмаймыз. Себебі жауап беруші - студент)
Ең қызығы сәтсіз некеде болғандар, ажырасқандар тегі екінші мәрте отау құруға, оның ішінде тоқал болуға түбегейлі қарсы болады екен. Тоқал болуға қарсы болушылардың дені «эго»-ға тірейді себебін. Сүйіктісін бөліскісі келмеуі, екінші болғысы келмеуі секілді пікірлер. Ал сіз қалай ойласыз? Тоқал боласыз ба?
Дереккөзі: reactor.inform.kz