$ 441.58  480  4.86

Данэлия Төлешова Алматыда алғашқы жеке концертін өткізетін болды

Украиналық «Голос.Діти» шоуының жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова алғашқы концертін ашық аспан астында өткізеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл кеште Данэлия 10-ға жуық ән орындайды. Оның ішінде «Голос.Діти» жобасынан және авторлық әндер және каверлер бар. Жас әнші алғашқы концертін туған қаласында өткізуді қалаған екен.

«Бұл жерде менің отбасым, туғандарым, достарым бар. Бірінші қадамымды туған қалама  және жақындарыма арнаймын. Бұл - анам екеуіміздің идеямыз. Алдын ала концерттің қалай өтетінін елестетіп, бағдарламаны жасадық. Дайындалып жүргенімізге ұзақ уақыт болды», - деді Данэлия Төлешова.

Табиғи дауыста өтетін кеште халықаралық конкурстар мен жобалардың финалистері, Данэлияның өзі оқитын «ЮНА» продюсерлік орталығының дарынды оқушылары өнер көрсетеді. Кеш жарты сағат көлеміне  жоспарланған.  Кешті «Хочу к Меладзе» жобасының финалисі Фариз Мамедов жүргізді.  

«Осы кеш арқылы жанкүйерлеріммен кездесудің мүмкіндігі туып тұр. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, мені күткен көрерменнің көңілінен шығуға тырысамын», - деді Данэлия Төлешова.

Концерт 27 мамыр күні сағат 18.00-де «МЕГА Алма-Ата» сауда, ойын-сауық орталығының амфитеатрында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары