18.05.2018, 08:48

Қамқор ағам: Мақпал Исабекова Батырхан Шүкеновті еске алды

Бүгін – 18 мамыр марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күні. Көзі тірі болса 56 жасын толтыратын әншіні өнердегі қарындасы Мақпал Исабекова еске алды.

«Өнер әлеміне жол ашқан қамқоршы ағам, үмітіңізді ақтауға тырысамын әрқашан. Туған күніңізбен», – деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақашсына.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 29 сәуірінде Мәскеуде жүрегі ұстап қайтыс болған. Осыдан 1 апта бұрын марқұмның туған жері Қызылордада аранайы ескерткіші орнатылды.