Күні кеше марқұм Батырхан Шүкеновтің туған күні құрметіне Қызылодадағы саябақтардың бірінде ескерткіш орнатылды. Қуанышты хабарды Али Оқапов өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
Қоладан жасалған мүсінде Шүкеновтің саксафон ұстап тұрған сәті бейнеленген. Ескерткіштің ашылуына марқұмның туыстары, достары мен тыңдармандары жиналды.
Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 29 сәуірінде Мәскеуде жүрегі ұстап қайтыс болған. Көзі тірі болса, марқұм күні кеше 56-жасын толтырар еді.