$ 449.58  486.94  4.86

Есірткіні қант деп ойлаған 6 жасар қыз ұнтақты қаптамасымен шайнап тастаған

АҚШ-тың Филадельфия штатында 6 жасар оқушы қыз кокаиннің тұтас қаптамасын жеп қоя жаздады. Ол есірткіні сыныптасының сөмкесінен тауып алған деп жазады Stan.kz.

Қыз есірткі ұнтағын қантпен шатастырып алған.  Ол есірткі салынған қаптаманы аузына салып, шайнап тастаған.

Абырой болғанда, қыз есірткіні қаптап тұрған үлдірді тесіп үлгермеген. Оның аузындағы күмәнді затты көрген мұғалімі оқушыны бірден мейірбикеге алып барыпты.

Анықталғандай, 6 жасар қыз бен сөмкесінен есірткі табылған сыныптасы бұған дейін есірткіні татып көрмеген.

Ендігі полиция есірткінің оқушының сөмкесіне қалай тап болғанын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары