20.05.2018, 06:36

«Нұр Астана» мешітінде жас жігіт аяқ киім ұрлап кетті (ВИДЕО)

Астанадағы «Нұр Астана» мешітінде жас жігіт «қымбат» аяқ киімді ұрлап кетті. Мешіттің бейнебақылау камерасына түсіп қалған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Видеода мешіттен шыққан жігіт қолына іліккен аяқ киімді алып, киіп кеткен. Бірақ қымбат деген аяқ киімнің бағасы көрсетілмеген. Осыдан кейін автор мешітке жұма намазға баратын жамағаттан сақ болуларын ескертті.

Бұл ретте желі қолданушылары аталған мешітте аяқ киім ұрлау үрдісі бұрыннан бар екенін айтты.