Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 28 және 23 жастағы екі жігіт ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Күдіктілерді ОҚО ІІД мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстағы өкілдері ұстаған.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 1990 және 1995 жылы туылған 2 азамат ұсталды. ОҚО ІІД-де терроризимді насихаттау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген аталған хабарламада.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған мектеп оқушысы 4 жылға сотталған болатын.