21 мамыр күні Қарасу ауданындағы Восток ауылында 11 жастағы қыздың мәйіті табылды деп жазады Alau.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылды. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Арнайы жедел-із кесу тобы құрылды. Оның құрамында Қарасу аудандық ІІБ мен облыстық ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлері бар», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Ведомствода мәлім етілгендей, бұл факт ІІД қызметкерлерінің толықтай бақылауына алынды. Басқа деректер белгісіз.