$ 494.87  520.65  4.91

«Мойнынан тістеп алды»: Алматыда қызға шабуылдаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

 21 мамырда кешкі уақытта Instagram желісіндегі 112_kz, zhest_kz және басқаларында Алматыда ер адамның ұсталған видеосы пайда болды, деп жазады Tengrinews.kz 

 Видеоның сипаттамасында, жігіттің күндізгі уақытта мектеп жанында қызға шабуыл жасап, тістелеп, артынша қылғындырғаны хабарланған. Қыз бала қашып кеткен, ал содан кейін сол маңдағы тұрғындар бұзақының қолын қайырып ұстап алған.

 «Есерсоқ, қызға шабуыл жасады, мойнынан тістеп алды. Бір бөлігін тістеп алыпты. Жігіттер оны ұстап тұр. Бастан кеткен», - делінген видеодағы дауыста. Видеода полицейлер мен дәрігерлер және кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың қаумалап тұрғаны түсірілген.

Осы жағдай туралы «Немолчи.kz» сексуалды зорлық зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының ұйымдастырушысы Дина Смаилова Facebook желісінде жазды.

«Бұл бүгін № 99 мектептің жанында болған оқиға дейді. Кім біледі? Нақтыланған мәлімет бар ма? Балаларға абай болыңыздар, қызды құтқарып қалғандарыңызға рақмет», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары