$ 494.87  520.65  4.91

«Сені әйел етіп кім алады?» – Айжан Байзақова жалғыздықты қалайтынын айтты

Атышулы блогер Байзақова «Сені әйел етіп кім алады?» дегендерге жауап берді. Өзінің жалғыздықты қалайтынын айтқан ол, күйеуге тигеннен кейін бақытты болып кетпейтінін жеткізді. Бұл туралы өз Instagram-парақшасында жазды.

«Маған көпшілік «Сені әйел етіп кім алады, осылай жалғыз қаласың» деп жазады. Ал күйеуге тисем осы өмірімнен де бақытты болады деп кім айтты сендерге? Әрине, тұрмысқа шығуға қарсы емеспін. Бірақ некеден бақытты болып кетемін деп ойламаймын. Маған жалғыз өмір сүру ыңғайлы. Өз қалағаныңды істейсің» деп жазады Байзақова.

Ары қарай өзінің жеке әлемінде өмір сүргісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, бір күні жүрегін жаулап алатын ер азаматты кездестіретініне де шүбә келтірмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары