Желіде жолдасынан зәбір көрген келіншек мұңын шақты. Күйеуім қол көтерді деген ол отағасынан суынып бара жатқанын айтып, көмек сұрады.
«Отбасын құрғаныма 4 жыл болды. 2 ұлым бар. Осы уақытқа дейін жолдасым қол көтеріп көрмеген еді. Бірақ кеше ұрысып қалғанда тура көкірегімнен бар күшімен бір тепті. Қатты тепкені соншалық 20 минут ауа жетпей, отырып қалдым. Сол уақыттан бастап оған деген көңілім қатты суып кетті. Кешіріп, ұмытайын десем мүлдем ұмыта алмаймын. Көз алдыма тепкені елестеп, жек көріп кете беремін. Кешірген сияқтымын. Бірақ ішімнен бәрібір жаман боп жүрмін.
Бұрын жұмыста жүрген оған күніне 10 рет телефон шалып, әңгімелесетінбіз. Қазір сөйлескім келмейді. Өзім кекшіл адаммын.
Сұрайын дегенім, араларыңызда осындай жағдайды өткерген аға-әпкелер бар ма? Бәрін ұмыту үшін не істеу керек. Ұмыта аламын ба әрі қарай?», – деп жазды ол Instagram-парақшасындағы топтардың біріне.