$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада сақалды еркек 11 жасар қызды ұрламақ болған

Қызылордада 11 жасар қызды ұрламақ болған сақалды ер адамға іздеу жарияланды. Полицейлер «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады деп жазады «NewTimes.kz».

Кішкентай қызды сол маңнан өтіп бара жатқан әйел құтқарып қалған. Белгілі болғандай, оқушы мектепке бара жатқанда жолда оны сақалды еркек қолынан шап беріп ұстап, көтеріп көлігіне салмақ болған. Айқайламасын деп аузын қолымен жауыпты. Мұны көрген әйел адам дереу айқайға басып, көлікке қарай тас лақтыра бастапты. Шудан қорықса керек, ер адам қызды тастай салып, көлігімен белгісіз бағытқа қарай қашып кеткен.

Қызды құтқарған әйел оны жұбатып, мектебіне дейін шығарып салыпты. Кейін өз жолымен кетіп қалған. Болған жайтты оқушының анасы естігенде дереу полицияға хабар беріпті. Анықталғандай, сақалды еркек жалғыз болмаған, көлікте оны тағы екі ер азамат күтіп отырыпты. Олар қызды қандай мақсатта ұрламақ болғаны әлі белгісіз.

Оқиғаны Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті растады. Олар қыздың анасының арызынан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары