$ 444.32  473.33  4.76

«Абай ма, Ленин бе?» Степногорскте тұрған Абайдың ескерткіші Лениннен аумайды (ВИДЕО)

Степногорск қаласында Ленин атындағы мектепке Абай Құнанбайұлының есімі берілген. Ал, оқу ордасының ауласында тұрған ескерткіш-бюст коммунистердің көсемі Владимир Ильич Лениннен аумайды.

Осынау жайтты Facebook қолданушыларының бірі видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда. Видео авторының айтуынша, бұл Степногорск қаласындағы №5 мектеп. Дегенмен, желі қолданушылары Абайға айналған Лениннің №6 мектептің алдында тұрғанын жарыса жазуда.

Бір қарағанда аталған ескерткіш расымен де ұлы Абайға ұқсайды. Алайда, мұқият көз салсаңыз оның Владимир Ильич екенін танымау мүмкін емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары