$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге ағызып жіберген

Павлодарда Усолка өзеніне 11 жастағы бала құлап кетті. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың көмекке шақырған даусын естіп, құтқарушылар құтқарған. Олар баланы жылытқан соң, туыстарына хабарласып, қолына табыстады деп жазады Stan.kz.

«Сағат 19.14-те  оқушы өзеннің маңында серуендеп жүріп, желдің екпініне қарсы тұра алмай суға құлап түскен. Оқиға «Дельфин» құтқару станциясының маңында болған. Қасында болған үш жеткіншек шошып қалған болар,  сол жерден қашып кетті», – деді ТЖД жедел іздеу жасағының басшысы Серік Шериязданов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары