Павлодарда Усолка өзеніне 11 жастағы бала құлап кетті. Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың көмекке шақырған даусын естіп, құтқарушылар құтқарған. Олар баланы жылытқан соң, туыстарына хабарласып, қолына табыстады деп жазады Stan.kz.
«Сағат 19.14-те оқушы өзеннің маңында серуендеп жүріп, желдің екпініне қарсы тұра алмай суға құлап түскен. Оқиға «Дельфин» құтқару станциясының маңында болған. Қасында болған үш жеткіншек шошып қалған болар, сол жерден қашып кетті», – деді ТЖД жедел іздеу жасағының басшысы Серік Шериязданов.