$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда базарлар жойылуы мүмкін

Қазақстанда базарлар түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Бұл жөнінде Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин брифинг барысында айтты.

«Біз ашық аспан астында сауда жасайтын ортағасырлық бизнес жүйесінен шығымыз керек. Егер біз дамыған отыз елдің ішіне енгіміз келсе, мен мына статистиканы көрсете аламын: Германия мен Францияда сауда үйлері арқылы келетін тауар айналымы кем дегенде 95 пайызды құрайды, ал қалған 5 пайызы фермерлерге арналған жәрмеңкелер мен ұсақ базарлардың еншісінде. Бізде сауда барлық тауар айналымының 50 пайызын ғана жабады. Бұл біздің сауда жүйеміздің артта қалғанын және тәртіптің жоқтығын көрсетеді. Сол себепті біз сауда және сауда ісі жөніндегі заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отырмыз», — дейді Ерғожин.

Бұл үшін заңнама аясында саудадағы құжаттарды бақылауды ескеру қажет екендігін айтты.  Сондай-ақ, ол Алматыда 1 маусымнан бастап салықтық тексеріс жүргізіліп жатқандығын айтты. «Мен сіздерге айтайын, сіздердің көретіндеріңіз бергі жағы, ал біз оның арғы жағын көреміз. Қандай жерде, қандай қоймадада тұратындығын білеміз. Міндетті түрде құжат сұрағандарыңыз дұрыс. Бұл жерде қоғамдық қолдау қажет. Тұрғындар құжаттар сұрап, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз етулері тиіс», — дейді Ерғожин мырза.

Одан бөлек, POS-терминалдардың санын көбейту үшін қосымша бағдарлама қолға алынатындығын айтып өтті.  «Кәсіпкерлер POS-терминалдарды қолданулары керек. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 14 млн 825 мың қазақстандық пластик карталарын қолданады екен. Бірақ, 66 мың кәсіпкерде ғана POS-терминалдар бар. Біз үкіметке терминалдардың санын көбейту туралы ұсыныс айттық», — дейді комитет төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары