$ 444.22  476.38  4.82

WhatsApp арқылы жиһадқа үндеу жиілеп барады

Ақтөбелік 35 жастағы ер азамат Whatsapp желісіне моджахидтердің жауынгерлік әрекеті туралы, және жихадқа шақыру туралы бейне ролик таратты, – деп хабарлайды  «Диопозон»

Тергек амалдарына қарағанда  Бахтияр Юсупов радикалды мәндегі діни ағымдарды таратқан. Ол өзі құрған «Садақа - оттың қорғаны» деп аталатын топтық ұйымға  20-ға жуық адамды қабылдаған. Өз тобына Юсупов аудио- және видеороликтерді салыпты, олардың ішінде моджахедтердің орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі субтитрлары бар үндеулері болған. Видеороликтердің бірі "Алға, жиһадқа" деп аяқталады. Сонымен бірге, видеода моджахедтердің ұрыс әрекеті, жаттығуы және шет тілінде ән айтқан кездері көрсетілген. Бахтияр Юсуповты құқық қорғау органдары ұстады. Сот оны екі айға қамауға алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қаңтарында Ақтауда WhatsApp арқылы терроризмді насихаттағаны үшін бір әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары