$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда ер адам кішкентай баланы азғындаған (ФОТО)

Теміртау тұрғыны ересек адамның кішкентай баланы азғындап, жыныстық қатынасқа итермелегенін айтып отыр.

Сөзіне дәлел болсын деп ол болған жайтты смартфонның камерасына түсіріп алған. Артынша аталған фотосурет Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Фото авторының айтуынша, кішкентай баланы азғындаған адам әйелше киінген еркек көрінеді.

«Терезенің алдынан мынадай жағдайға тап болдым. Шошынып, жағамды ұстадым. Мына азғындыққа қарап, не дерімді де білмей отырмын. Өте ұят! Бұл Теміртау. Бұл жағдайды айтып, құқық қорғау органдарына шағымдануға бола ма? Менің ойымша мынау әйелдің киімін киіп алған ересек ер адам. Ұрысып едім, екеуі де қашып кетті», – дейді Теміртау тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары