Жақында ғана Аяла қыздарының тұсауын кесіп, дүркіретіп той өткізген Қарақат өнердегі құрбысы Гүлнұр Оразымбетоваға көйлек сыйлаймын деп жұрттан сөз естіп қалды.
Видеода Қарақаттың Гүлнұрға етегі тор көйлекті сыйлап жатқаны көрінеді. Гүлнұр да бұған балаша қуанып, құрбысының бетінен сүйеді. Бірақ көпшілік бұл сәтті жасандылық деп отыр.
«Әй, Қарақат ұнамайтын көйлектен құтылды. Ашық-шашық кимейтін болған соң Гүлнұрға «пойдет» деген болар. Күлкімізді келтірді», – деп жазды ainur_0609 есімді желі қолданушысы.