$ 494.87  520.65  4.91

«Таяқ та жедім»: 23 жастағы жігіт анасының алтындарын казиноға салып жібергенін айтты (ВИДЕО)

23 жастағы Айбек Ахметов құмар ойынға кіріп, соның азартында кеткен. Салған 2 миллион теңгесі аз болғандай ол анасының алтындарын да казиноға тігіп тастаған.

16 жасынан бастап құмар ойнай бастаған ол алғашында  6-7 мың теңге салып көріпті.

«Үйдегілер «әбден шаршаттың бізді, қойсай. Қашан адам боласың?» дейді. Әкемнен бір-екі рет таяқ та жедім. Қыздармен де жүрмеймін. Осы ойынның азартына кіріп», – деді Айбек 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында.

Айбек 2 млиллион теңге қаржыдан басқа анасының алтындарын да ұрлап, казиноға салып жіберіпті. Бірақ қазір сол істеріне өкініп, емделгісі кеп жүр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары