23 жастағы Айбек Ахметов құмар ойынға кіріп, соның азартында кеткен. Салған 2 миллион теңгесі аз болғандай ол анасының алтындарын да казиноға тігіп тастаған.
16 жасынан бастап құмар ойнай бастаған ол алғашында 6-7 мың теңге салып көріпті.
«Үйдегілер «әбден шаршаттың бізді, қойсай. Қашан адам боласың?» дейді. Әкемнен бір-екі рет таяқ та жедім. Қыздармен де жүрмеймін. Осы ойынның азартына кіріп», – деді Айбек 7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында.
Айбек 2 млиллион теңге қаржыдан басқа анасының алтындарын да ұрлап, казиноға салып жіберіпті. Бірақ қазір сол істеріне өкініп, емделгісі кеп жүр.