Астанада кейбір бағыттық автобустардың қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды astana.gov.kz
Бағыттық қоғамдық көліктердің қозғалыс жүйесін модернизациялауға байланысты автобустар арасындағы жарысты тоқтату, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, сонымен қатар, қосарлы қозғалыс сызбасын қолданыстан шығару мақсатында 2015 жылғы 11 шілдеден бастап келесі бағыттық автобустардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.
№ 3 бағдар – Сарыкөл к. – Жұмабаев даңғылы аралығында екі бағытқа да Р. Қошқарбаев даңғылы арқылы жүреді.
№ 4 бағдар – қозғалыс сызбасы түзетіліп, келесі көшелерге бұрылмайтын болады:
- Б. Майлин көшесі, Жұмабаев даңғылы. Қозғалыс Қ. Сәтбаев көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейін: Қошқарбаев көшесі – Обаған көшесі – Байтұрсынов көшесімен тура жүріп, Қошқарбаев пен Байтұрсынов көшелері арасындағы қозғалыс Тәуелсіздік даңғылы бойымен тура жүреді.
- кері бағытта Ақмола көшесі, Көктал-2 тұрғын алабына бұрылмай Ақтөбе, Наурыз және Сарыөзен көшелерімен қозғалады.
№6 бағдар (№12 бағдардың бөлінуі) – «Ет комбинаты» бастапқы аялдамадан «Теміржол колледжі» аялдамасына дейін №12 бағыттық автобустың сызбасы бойынша, одан әрі Конституция көшесі – Есенберлин көшесі – Республика даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы – Алаш тас жолы – Жолымбет көшесімен «Кирпичный» т/а дейін жүреді.
Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.
№8 бағдар – Болашақ көшесінен Арнайы ХҚКО дейінгі бөлікте қозғалыс тоқтатылып, соңғы аялдама «Көктал-1» т/а болады.
№9 бағдар – теміржол вокзалынан «№1 емхана» аялдамасына дейін Сейфуллин көшесі бойымен өзгеріссіз, одан әрі Желтоқсан көшесінен солға бұрылады – Кенесары көшесінде солға бқрылып, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
Кері бағытта Кенесары мен Желтоқсан көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Желтоқсан көшесінде оңға, Сейфуллин көшесінде оңға – Бейбітшілік көшесінде солға бұрылады, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№ 10 бағдар – халықаралық әуежай бағытында өзгеріссіз жүреді.
Кері бағытта Тұран даңғылы бойымен «Хан Шатыр» аялдамасына бұрылмайды, Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қонаев көшесіне оңға бұрылады, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
№ 12 бағдар (№ 12 бағдар бөлінді) – бастапқы (соңғы) пункт «Теміржол вокзалы» болады. Халықаралық әуежайдан Ет комбинатының орнына автобус, теміржол вокзалы бағытында жүретін болады.
№17 бағдар – қозғалыс Қорғалжын тас жолы бойымен Ш. Бейсекова көшесі арқылы «№6 технимкалық лицей» аялдамасына бұрылмастан «Жағалау» т/а дейін іске асырылады.
№ 18 бағдар – бастапқы «Достық» емханасы» пунктінен «№ 22 орта мектеп» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі Жирентаев көшесі – Петров көшесі («№2 шағын аудан аялдамасы») – Күйші Дина көшесі (медициналық орталық аялдамасы) – Тәуелсіздік даңғылы, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.
№1 бағдар – бастапқы пункттен «Алтын адам» мейрамханасы» аялдамасына дейін Жұмабаев даңғылы бойымен өзгеріссіз, одан әрі Б. Майлин көшесінде оңға – Қ. Сәтбаев көшесінің барлық аялдамаларымен – Б. Момышұлы даңғылы, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.
Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.
№20 бағдар екіге бөлінеді (№20 және №61). Бағдардың бірінші бөлігі «Жағалау» т/а орнына Агроқалашықтан Сарайшық көшесіне дейін жүреді. Бастапқы «Агроқалашық» пунктінен «Евразия-2» СҮ дейін Қ. Сәтбаев көшесі бойымен өзгеріссіз, одан әрі Қ. Сәтбаев көшесі – Б. Момышұлы даңғылы – М. Жұмабаев даңғылы – «Сарайшық» т/к барлық аялдамаларымен.
Кері бағытта да дәл солай.
Маршрут өзінің реттік нөмірін сақтайды.
№ 21 бағдар – Достық көшесі, Сауран көшесіне бұрылмайды, қозғалыс екі бағытта да Орынбор көшесі арқылы жүзеге асырылады.
№22 бағдар – «Теміржол вокзалы» бастапқы пунктінен «Республикалық аурухана» аялдамасына дейін Абылайхан даңғылы бойымен өзгеріссіз, одан әрі Абылайхан даңғылы бойымен – Мұстафин көшесі – Ш. Құдайбердіұлы көшесі – Р. Қошқарбаев көшесі барлық аялдамаларымен, одан әрі бұрынғы сызба бойынша жүреді.
Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасымен жүреді.
№ 23 бағдар – аймақаралық емхана бағытында өзгеріссіз.
Кері бағытта «А. Иманов көшесі» аялдамасына дейін Республика даңғылы бойымен өзгеріссіз, одан әрі Республика даңғылы («Халық банкі» аялдамасы) – Абай даңғылы – Әуезов көшесі («Главпочтамт» аялдамасы) – Сейфуллин көшесі – Бейбітшілік көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша.
№ 25 бағдар – Республика даңғылы – Жеңіс даңғылы аралығындағы бөлікте екі бағытта да «Кенесары көшесі» бойымен жүреді. «Теплотранзит» АҚ бастапқы пунктінен А. Иманов көшесіне дейін Республика даңғылы бойымен өзгеріссіз, одан әрі Кенесары көшесінде солға (Республика даңғылы, Конгресс-холл аялдамалары), Жеңіс даңғылы (АТФ банкі аялдамасы), одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша.
Кері бағытта Вокзалдан «Теплотранзит» АҚ аялдамасына дейін өзгеріссіз.
Бағдар №26 – «Қосалқы бөлшектер» аялдамасынан «Ет комбинаты» аялдамасына дейінгі бөлікте жол қозғалысы тоқтатылады.
№ 28 бағдар – екі бағытта да Жирентаев – Петров – Сәтбаев көшелеріне бұрылмайды, қозғалыс Қажымұқан көшесімен жүзеге асырылады.
№ 29 бағдар – (бағдар № 32 және № 29 деп бөлінді) «Дархан с/с» бастапқы пунктінен «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін №32 бағдар сызбасы бойынша, одан әрі Қонаев көшесімен Тұран даңғылына дейін (шартты соңғы аялдама «Хан Шатыр» СОО) барлық аялдамалармен.
Кері бағытта: Тұран даңғылы – Сығанақ көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі барлық аялдамаларымен, одан әрі бұрынғы № 32 бағдар сызбасымен.
№ 31 бағдар – «Теміржол вокзалы» бастапқы пунктінен бастап Момышұлы және Абылайхан даңғылдарының қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ғ. Мұстафин көшесімен солға – Ш. Құдайбердіұлы даңғылында оңға – Р. Қошқарбаев даңғылында оңға – Қордай көшесінде солға - соңғы аялдама «№69» көше.
Кері бағытта дәл осы сызба бойынша.
№32 бағдар – (бағдар №32 және №29 деп бөлінді) «Бал-бала» б/б» бастапқы пунктінен «Кардиохирургиялық клиника» аялдамасына дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен өзгеріссіз, одан әрі Достық көшесіне оңға – Орынбор көшесі – М-3 көпірі – Қалдаяқов көшесі – Нәжімеденов көшесімен «Ж.Нәжімеденов көшесі» аялдамасына дейін (соңғы) барлық аялдамаларымен.
Кері бағытта Нәжімеденов көшесі – Қалдаяқов көшесі – М-3 көпірі – Орынбор көшесі – Қонаев көшесі – Түркістан көшесі – Достық көшесі барлық аялдамалармен, одан әрі бұрынғы сызба бойынша. Бағдардың реттік номері сақталады.
№41 бағдар – (бағдар № 41 және № 51 бөлінеді) клиникалық-сауықтыру орталығының орнына автобус «Сарайшық» т/к дейін: бастапқы «Шарын базары» пунктінен «Б. Момышұлы даңғылы» аялдамасына дейін өзгеріссіз, одан әрі, Момышұлы көшесімен – Жұмабаев көшесінде солға, барлық аялдамалармен.
Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 42 бағдар – (бағдар № 42 және № 52 бөлінді) «Ет комбинаты» бастапқы пунктінен «Жасыбай» қонақ үйі» аялдамасына дейін Уәлиханов көшесі бойымен өзгеріссіз, одан әрі Уәлиханов көшесі – Сейфуллин көшесі – Сембинов көшесі – Абай даңғылымен «Сырдария көшесі» аялдамасына дейін.
Кері бағытта Абай даңғылы – Уәлиханов көшесі – Дүкенұлы көшесі, одан әрі бұрынғы сызба бойынша.
№46 бағдар – (бағдар №46 және №56 бөлінді) бастапқы «Көктал-2 т/а» пунктінен «Ұлттық кітапхана аялдамасына дейін өзгеріссіз», одан әрі Түркістан көшесі – Қонаев көшесі – Орынбор көшесімен «Министрліктер үйіне» дейін.
Кері бағытта – Орынбор көшесі – Достық көшесі, одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 50 бағдар – (бағдар №50 және №60 болып бөлінді) автобус «Строймарт» ГМ орнына «Министрліктер үйі» аялдамасына дейін келесі сызбамен жүреді: бастапқы пункт «Бал бала» б/б» аялдамасынан «Ұлттық кітапхана» аялдамасына дейін Достық көшесімен өзгеріссіз, одан әрі Достық көшесі – Түркістан көшесі – Қонаев көшесі – Орынбор көшесі – Достық көшесі. Кері бағытта бұрынғы сызба бойынша.
№ 51 бағдар – (бағдар №41 және №51 бөлінді) «Пригородный» т/а бастап «Дастан» дүкені» аялдамасына дейін Ш. Құдайбердіұлы даңғылымен №41 бағдардың бұрынғы сызбасы бойынша, одан әрі Манас көшесіне оңға бұрылып, соңғы «Аймақаралық аурухана» аялдамасына дейін жүреді.
Кері бағытта осы сызба бойынша.
№ 52 бағдар – (бағдар №42 және №52 бөлінді) «Тельман» т/а бастап «Әсем» базары аялдамасына дейін № 42 бағдар сызбасы бойынша. Соңғы аялдама Дүкенұлы көшесі бойындағы «Әсем» базары.
Кері бағытта – Дүкенұлы көшесімен тура шығып, Ш. Айманов көшесінде солға бұрылып – Бөгенбай батыр даңғылында солға бұрылып – Ш. Уәлиханов көшесінде оңға бұрылады, одан әрі қарай бұрынғы сызба бойынша.
№ 56 бағдар – (бағдар № 46 және № 56 бөлінді) «Промышленный» т/а бастапқы пунктінен бастап Сығанақ көшесі бойындағы «Диагностикалық орталық» аялдамасына дейін №50 бағдардың бұрынғы сызбасы бойынша, одан әрі Тұран даңғылы – «Хан шатыр» СОО айналмасынан оңға – Тұран даңғылы – Сығанақ көшесі, кері бағытта осы сызба бойынша.
№60 бағдар – (бағдардың № 50 және № 60 бөлінуі) бастапқы «Строймарт» ГМ аялдамасынан бастап «Сауран көшесі» аялдамасына дейін, Сауран көшесі бойымен №50 бағдардың бұрынғы сызбасы бойынша, одан әрі Керей мен Жәнібек хандар көшесі – Тұран даңғылы – «Ғылыми-онкологиялық орталық» соңғы аялдамасы.
№ 61 бағдар – (бағдардың № 20 және № 61 бөлінді) «Жағалау» т/а бастап «Евразия-2» СҮ аялдамасына дейін №20 бағдар сызбасы бойынша, одан әрі Қ. Сәтбаев көшесі бойымен («Қ. Сәтбаев көшесі» аялдамасы) - Қажымұқан көшесі («Қазақстан» с/к, «ЕҰУ») – Жансүгіров көшесі («Гуманитарлық колледж», «Астана-Моторс», «Психологиялық аурухана» аялдамалары) – соңғы аялдама «Теплотранзит» АҚ.
Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.
№ 73 бағдар (бұрынғы № 104) – «Промышленный» т/а бастап «Рита» дүкені» аялдамасына дейінгі қозғалыс жойылады. Соңғы аялдама «Промышленный» т/а. Сондай-ақ, сыйымдылығы орташа автобусты сыйымдылығы үлкен автобусқа алмастыру жүріп жатыр.
№ 81 бағдар (бұрынғы №130) – "Шарын" базарынан "Құрылыс базарына" кіріп, "Шақпақ көшесі" аялдамасына дейін К. Бәйсейітова көшесіне дейін өзгеріссіз, №130 маршрутының кестесі бойынша, одан кейін бағыттық автобус арнайы ХҚКО дейін Фахт Бен Абдул Азиз – Ақан сері – Н. Тілендиев даңғылы – «Көктал-2» тұрғын алабы бағыты бойынша өзгеріссіз жүреді.
Кері бағытта осы қозғалыс сызбасы бойынша.