$ 445.66  474.58  4.78

Астанада автобустарға арналған жолақша пайда болады

Тамыз айында автобустарға арналған қосымша жолақша пайда болады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС көлікті жоспарлау бойынша маманы Бейбіт Есжанов хабарлады.

- Арнайы қоғамдық автобустар ғана жүретін жолақты ендіру үшін қазіргі уақытта біз көшелерді көріп, зерттеулер жүргіздік. Ендігі мақсат біріншіден, жүргізушілерді осы жүйемен таныстырып, ол жолаққа өтпеуін ескерту, екіншіден, оның қаншалықты тиімді, қаншалықты халыққа ыңғайлы екендігін анықтау болып отыр. Ол жолақтар Бөгенбай батыр мен Момышұлы көшелерінде орналасып, үстіміздегі жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарлануда, - деді Бейбіт Есжанов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астанада автобус бағдарларының қозғалыс бағыттары өзгертуде. Ол 2030 жылға дейін пайда болатын әлеуметтік нысандардың құрулына байланысты елорданың өсуін қарастырып салынатын бағдарларды құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары