Қазақстанда бастау алған спорттық эстафета елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болған еді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын акцияны Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жалғастырды.
Алтай Көлгінов бір топ жаспен турникке тартылып, физикалық формасын көрсетті.
Айта кетейік, елбасы эстафетасын бұған дейін өнер жұлдыздары арасында Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас секілді бірнеше азамат қолдаған еді.