$ 491.7  531.28  5.07

26 жастағы қыз Ернар Айдарға тоқал болғысы келеді

26 жастағы Зарина есімді бойжеткен әнші Ернар Айдардың тоқалы болғысы келеді. Мұндай пікірін ол 7-арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында айтты.

Зарина Ернар Айдардың шынайы жанкүйері екен. Жатса, тұрса да сүйікті әншісінің әндерін тыңдаудан жалықпайтын көрінеді. Сөйткен қыз енді Ернар Айдардың жанкүйері ғана емес, екінші әйелі болғысы келетінін жасырмай айтып отыр.

Тікелей эфир барысында бойжеткен әншімен Skype арқылы байланысқа шығып, оған тоқал болғысы келетіні туралы ойын жеткізді. Бірақ мұндайды күтпеген Ернар Айдар өзінің отбасылы екенін жанкүйерінің есіне салды және екінші әйел алмайтынын да айтты. Ары қарай әнші өнерін бағалағаны үшін Заринаға алғысын білдірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары