Атырауда Әлемдік бокс сериясы, VIII маусымының жартылай финалдық кездесуі аяқталды. WSB жобасының үш дүркін чемпионы, “Astana Arlans” командасы Ұлыбританияның «BritishLionhearts» құрамасымен кездесті. Екі команда арасындағы кездесуді тамашалауға 3 мың көрермен келді деп жазады Stan.kz.
“Astana Arlans” командасында Сакен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Бек Нұрмағамбет (81 кг), Қамшыбек Кункабаев (+91 кг).
Кездесу қорытындысы бойынша, “Astana Arlans” командасының боксшылары 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетті.
Матч соңында қайырымдылық аукцион ұйымдастырылып, “Astana Arlans” спортшыларының қолғаптары сатылды. Аукционнан 7 миллион теңге ақша түсті. Боксшылардың бірінің қолғабын Ақтау тұрғыны 3 миллион 700 мың теңгеге сатып алды. Ал әнші Мөлдір Әуелбекова 600 мың теңгеге қолғап сатып алды.
Аукционнан түскен ақша аса ауыр дертке шалдыққан балалардың еміне жұмсалады.