Ақмола облысының аумағында «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында жол апаты болып, 3 адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми деректерге қарағанда, жол апаты бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Бурабай ауданы аумағындағы Бурабай курортына апарар жолдың «Астана-Көкшетау» тас жолына түйісер тұсында болған.
Hyundai Starex минвен көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай бос тұрған көліктік байқау бекетінің ғимартына соғылды. Жол апатынан көлікте отырған 3 адам оқиға орнында көз жұмса, тағы 4 адам аудандық аурханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.