$ 446.49  475.38  4.79

Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды

Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", – делінген хабарламада.

Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанның Ет одағы басқарма төрағасы болып сайланған еді. 

2011-2016 жылдары ол ауыл шаруашылығы министрлігі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары