Венесуэлада жүкті әйел мен оның 4 жасар қызын зорлаған жігітті көпшілік сабап өлтірді деп жазады Life.ru.
Көпшілік ер адамды полицейлерден қайыр болмаған соң өздері жазалаған. Жігітті әбден қан жоса қылған олар оны тұра алмайтын хәлге жеткізген. Полицейлер тұрғындарды тоқтатып, ер адамды ауруханаға жеткізгенімен, ол сол жерде көз жұмды.
Осы оқиға болмай тұрып 1 сағат бұрын тағы бір қыз бала дәл осы ер адамнан зорлық көргенін айтқан. Марқұм жүкті әйел мен 4 жасар қызды қосқанда 4 адамды зорлаған боп шықты.
Қайтыс болған жігіттің туыстары оның қарапайым диқан болғанын, мұндай өлімге лайық емес екенін айтады.