Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мемлекеттік кіріс Департаментінің Жетісу ауданы бойынша салық төлеушілердің жаңарған Орталығын аралап көрді. Мегаполис басшысы жақсарған салықтық әкімшіліктің бизнесті дамытатын және жеке капитал мен кәсіпкерлік қаласы болып табылатын Алматыдағы мемлекеттік органдардың басты бағыты екенін атап өтті.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кіріс Департаментінің басшысы Асқар Тынысбеков қазіргі кезде мегаполистің төрт ауданында жаңарған жұмыс форматы бойынша қызмет көрсетіліп жатқанын айтты. Жаңарған Орталықта салық төлеушінің категориясы бойынша модертаордың бөлуіне орай «пакетті қызмет» көрсетілуде.
«Яғни кәсіби бухгалтерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және басқа категориядағыларға түрлі операторлар қызмет көрсетеді. Балаларымен келгендер балалар алаңында «Балапан» пакетін пайдалана алады. Салық төлеушілердің өздеріне өздері қызмет көрсетулері үшін терминалдары бар аймақтар жұмыс істейді», - деп хабарлады Асқар Тынысбеков.
Бұрындары Алматыда әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы ашылған болатын, мұнда ХҚКО қамтымаған қызметтер «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілуде. Алматылық бұл жоба «Ақылды қалалар» европалық форумының және ТМД елдерінің «Өмір сүруге болатын қала» конкурсының марапттарына ие болған еді. Алматы әкімдігінің қолдауымен қалалық прокуратура басқарудың заманауи технологияларын қолдана отырып, құқық қорғау қызметінің Орталығын ашқан болатын.