$ 494.87  520.65  4.91

«Аппарат сынып қалды»: Науқас дәрігердің өзінен 4000 теңге алмақшы болғанын айтты (ВИДЕО)

Емханаға барған Алматы тұрғыны дәрігермен жаға жыртыса жаздады. Өйткені тегін тексеруден өтпекші болған оған "аппарат сынып қалды" деп, ақылы 4000 теңге тұратын аппараттқа отырғызбақшы болған екен.

Видеода дәрігердің науқасқа тегін тексеруден өтетін аппараттың сынып қалғанын түсіндіріп жатқанын аңғаруға болады. Ал ақылы тексеріуден өту 4000 теңге екенін айтады. Ары қарай сөзін түсіне қоймаған науқасты дәрігер кабинетінен қуып шығып, боқтай жөнелген.

Мұнан кейін науқас дәрігердің үстінен шағым түсіріп, ақыры асқазанын тегін аппаратқа түсіртіпті. Ол дәрігерлер науқастарды осылай алдап, өздеріне ақша жасайды дейді.

«Бүгін мен орталық ауруханаға бардым. Қабылдау бөлмесінде берген қағаз бойынша асқазанды қарайтын дәрігерге кірдім. Бірақ ол тегін тексеретін аппаратының сынып қалғанын айтып, маған ақылы тексеруден өтуді ұсынды. Ол – 4000 теңге тұрады екен. Содан дәрігерден онда қаралмайтын болды деп қағазға қол қойып беруін сұрадық. Сол-ақ екен ол бізге айғайлап, жаман сөздермен кабинетінен қуып шықты. Артынша бас дәрігеріне кіріп едім, бірден жаңағы тегін аппаратты әкеп берді. Сонда ақшасы жоқ адам сыртта қала ма?», – деп жазады науқас.

Ары қарай, дәрігерлер науқастрды ақылы тексеруге әдейі жіберіп, осылай бизнес жасап жатқан жоқ па деп көпшілікке сұрақ тастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары