Мейрамбек Беспаев өнерге енді қадам басқан әншілердің сахна мәдениетінен жұрдай екенін көп айтады. Көпшілік бұл жолы жастарды жиі сынға алатын Мейрамбектің өзіне килікті.
«Паh, шіркін, не деген би. 16 жыл бұрынғы түсірілім. Мамам «Әлгі, ит талаған жемпірлерің бар ғой», дейтін. «Лап-лап» сериясынан. 2002 жыл», – деп Сәкен Майғазиев ескі видеоны бөлісті.
Бұны көрген желі қолданушылары «МузАрт» тобының фонограммамен ән айтқандарына дейін аңғарып қалды.
«Ауыздарын жыбырлатып тұр ғой. Ұят-ай», «Мейрамбек қазір дана боп, ақыл айтып жүр ғой жұртқа. Өзі шайнаң-шайнаң етіп тұр», «Мейрамбек ағаның аузында сағыз», «Қатты өзгермегенсіздер. Бұрынғыдай әдемісіздер», – деп пікір қалдырды олар.
Айта кетейік, «МузАрт» триосының құрылғанына биыл 17 жыл болды.