1 маусым күні «Нұр Әлем» – «Болашақ энергиясы» мұражайы Балаларды қорғау күніне арналған «17 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін» акциясын өткізеді. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл күні балаларға мұхит кескіні және жылдамдығы сіздің әр қадамыңызбен артатын жасанды жел, ғарыштық өнертабыстар мен ай бетіндегі инсталляция, шыны көпір, интерактивті экспонаттар мен болашақ технологиялары, сондай-ақ, ғарыш, күн, жел, су, биомасса және кинетикалық энергияны ашатын барлық тақырыптық зерттемелермен таныса алады.
Мұражайға тегін кіру үшін өзіңізбен туу туралы куәлігіңізді, ал 16 жастан асқан балалар жеке куәлігін (көшірмесі де болады) ала келуі тиіс.
Бұдан бөлек, жасөспірім қонақтар көрме аймағында жақында жұмысын қайта жандандыратын отты шашу шоуы бар су бұрқақтары мен балаларға арналған, соның ішінде ерекше сұранысты талап ететін балаларға бейімделген бірегей ойын алаңдары бар саябақта серуендей алады.
Дереккөз: 365info.kz