Желіде оқушыны соңғы қоңыраудан кейін мектеп формасын шешкізбестен басына орамал салып, келін қып түсіріп жатқан видео тарады.
Оқиғанын қайда болғаны белгісіз. Тек иығына иілінген түлектер тағатын лентаға қарағанда видео 25 мамыр күні түсірілген. Оның қызыл түсті болуы – қыздың мектепті үздік бітіргенінің белгісі.
«2000 жылғылар тұрмысқа шығып жатыр», – деп жазған видео авторы.
Ал желі қолданушылары небәрі 17-18 жастағы қыздың әлі тұрмыс құруға ерте екенін айтады.
«Ең болмаса мектеп формасын шешкізсе қайтеді? Ұят емес пе?», «Қыздың жоғарғы оқу орнын бітіріп тұрмысқа шыққаны дұрыс деп ойлаймын», «Бақытты болсын! Мен де 16 жасымда тұрмысқа шыққанмын. 3 балам бар», – деп жазды олар.