$ 494.87  520.65  4.91

Жігіті жүкті қып тастап кеткен алматылық бойжеткен құрсағындағы сәбиін 500 мың теңгеге саудалап отыр (ВИДЕО)

Жігіті жүкті қып тастап кеткен алматылық бойжеткен құрсағындағы сәбиін 500 мың теңгеге саудалап отыр. Бұл туралы ол 7 арнадан шығатын өз ойым бағдарламасында айтып берді.

Алматылық бойжеткен жігітімен жүріп жүргенде аяғы ауыр боп қалады. Алайда, 2 апта өткен соң сүйіктісі оған баланы алдыртып тастауға ақша беріп, кетіп қалады.

«Әке-шешем ажырасып кеткен. Қазір ағаммен бірге тұрамын. Оған айтуға қорқамын. Сол үшін 500 мың теңгеге сатуға шешім қабылдадым», – дейді ол.

Құрсағында сәбиі бар ана бұндай қадамға несие төлеу үшін барғанын айтады. Студияға келген қонақтар банктер арқылы пайызын азайтып, төлемін қысқартуға болатынын жеткізді. Осыдан кейін бойжеткеннің ойы да өзгеріп сала берді.

«Егер көмек қолын созатындар болса, баламды өзім жеткізер едім ешкімге сатпай», – деп сөзін аяқтады Алматы тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары