$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында кішкентай сәби балабақшадан өзі үйіне жаяу кетіп қалған

Қостанай облысындағы балабақшалардың бірінде дау шықты. Оқиға Қарасу ауданындағы Қарасу ауылында болған. Кішкентай сәби балабақшадан өздігімен шығып, үйіне кетіп қалған деп жазады Alau.kz.

Баланың анасы хабарлағандай, 29 мамыр күні оған балабақша тәрбиешісі телефон арқылы хабарласып, ұлының қайда кетіп қалуы мүмкін екенін сұраған. Перзенттерінің жоқ екенін естігенде ата-ана дереу іздеуге ұмтылыпты. Абырой болғанда сол сәтте жоғалған сәби үйге өзі кіріп келген.

Тәрбиешісі баланы музыкалық мектептен балабақшаға барар жолда жоғалып кетті деп айтқан екен. Алайда, ата-ана бейнебақылау камераларындағы жазбаны көргенде мұның өтірік екені белгілі болды. Кішкентай бала киініп, балабақша ғимаратынан өздігімен шығып, үй жағына қарай кетіп қалыпты. Мекеменің есіктері мен қақпасы ашық болған. Ал, сәбидің жоғалып кеткенін тәрбиеші өзге балалардан естіген. 

Қазіргі таңда баланың ата-анасы аудандық білім бөліміне шағым түсірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары