$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО тұрғыны 21 жастағы бойжеткенді ұрып өлтірді

Шығыс Қазастан облысында ер адам 21 жастағы қызды ұрып өлтірді деп жазады Altaynews.kz.

Оқиға Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таврия ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші ауылдың жігіті жас қызды соққыға жығып өлтіріпті.

Осы факті бойынша қылмыстық істің қозғалғаны полицияда расталып отыр.

Анықталғандай, 21 жастағы Таврия ауылының тұрғыны алған жарақаттың салдарынан көз жұмған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 23 жастағы Привольное ауылының тұрғыны қамауға алынды.

Қазір болған жайтқа қатысты  қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары