$ 498.34  519.72  4.85

ҚР ДСМ: «Қазақстанда жылына менингиттен 21 адамға дейін қайтыс болады»

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин елімізде жаппай тіркеліп жатқан менингит ауруына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Қазақстанда жылына 62-ден 424 адамға дейін аталған індетті жұқтырады екен. 

Еске салайық, биыл елімізде менингитпен ауырған 9 адам қайтыс болды. Ал, Бекшиннің айтуынша, кей жылдары бұл кеселден 21 адамға дейін көз жұмады екен. Яғни, 9 адамның қайтыс болып, тағы ондаған адамның ауруды жұқтыруы әлі дабыл қағатын көрсеткіш емес секілді.

Сондай-ақ, төраға халықты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарап жатқан қауесеттерге сенбеуге де шақырып отыр.

«WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен  мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеуді өткізге шақырған. Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегішындыққа жанаспайтын мәліметтерге сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми ақпаратын пайдалануға  шақырады», - деді Ж.Бекшин.

Комитет төрағасының айтуынша, қайтыс болу фактілерінің бәрі де науқастардың дәрігерге тым кеш қаралуы салдарынан болады екен. Сондықтан, Бекшин халықтан алдын алу жұмыстарын өздері жүргізуі керектігін айтып отыр. Атап айтқанда, адамдар көп жиналатын ғимараттарға мүмкіндігінше барудан бас тарту (сауда орындары, метро, мәдени іс-шаралар), барған жағдайда бірреттік қолдануға арналған медициналық маскалар тағып жүру керек. Ыстық көтеріліп, жөтел пайда болса, тамақ ауырса дереу дәрігерге қаралу қажет дейді Жандарбек Бекшин. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары