$ 494.87  520.65  4.91

Сүйіктісін айуандықпен өлтірген тараздық жігіт екі аяғынан бірдей айрылды

Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында айуандықпен кісі өлтіру қылмысына қатысты үкім шықты. Бұл туралы "Ақ Жайық" порталы жазып отыр.

Ұзақ жылдар бойы ұсталмаған қылмыскер жуырда полицияға өзі кеп беріліпті. Өйткені, қос аяғынан айрылып, мүгедек болып қараусыз қалған.

Қылмысты ол 2010 жылы жасапты. Ол кезде жасы 23-тегі тараздық жігіт Атырауға сүйіктісін іздеп келген. Екеуі бірге бірнеше күн болып, кейін жігіт жерлесіне Алматыға кетуге ұсыныс айтыпты. Алайда, бұл сәтте жас келіншектің күйеуі мен үш баласы болғандықтан, ол сөзсіз қарсы екенін айтқан. Тағдырына мойынсұнған жігіт кері Таразға қайтатын болып шешіпті. Бірақ, сүйіктісінен ол қайтар жолына бір шөлмек арақ сатып әперуін сұраған. Қыз көніп, сатып әперіпті. Вокзалға барып, жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің үстінде жігіт спирттік ішімдікті ішіп, мас болып, келіншекті 19 рет пышақтап тастапты. Жәбірленуші сол жерде жан тапсырса, қылмыскер пойызға отырып, ауылына кетіп қалған.

Осы уақытқа дейін полицейлер қылмысты аша алмапты. Тек 8 жыл өткеннен кейін қылмыскердің өзі полицияға келіп берілген. Ол осы уақытқа дейін жігіт Таразда болып, ішімдікке салынғанын айтып отыр. Қыс уақытында ол далада мастықтан ұйықтап қалып, екі аяғын бірдей үсіріп алыпты. Енді нан тауып жеу қиын болса керек, ол полицейлерге келіп, болған жайттың бәрін айтып берді. Сот болса жігіттің денсаулығын және құқық қорғау органдарына өздігімен келгенін ескере отырып, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары