Қытайда ұсталған 90 жастағы ұлты қазақ әже Қазақстанға оралып разишылығын бейнеүндеу арқылы білдірді. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-парақшасында жазды.
Белгілі болғандай, қарт әйел Қытайдың көші-қон заңын бұзған екен. Сондықтан, оны сол елдің құқық қорғаушылары ұстап, бірнеше күн қамауда ұстаған екен.
«2018 жылы 29 мамырда Бейжіңде көші-қон заңнаманы бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін қарт әйел және оның ұлы ұсталған болатын. Кейіннен анықталғандай, ол және оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған. Елшіліктің қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу хабарласты. Қазақстандықтарды ұстау себептері анықталғаннан кейін олардың Қазақстан мен Қытай елдерінің қос азаматтығы болғаны белгілі болды. Қытайлық тарап пен Қазақстан Елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау тез арада ресімделді», - деп жазған Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-парақшасында.