$ 494.87  520.65  4.91

Сан түрлі ауруға ем болатын тәтті тағамдар таныстырылды

Елімізде бие сүтінен дайындалған торттар мен шоколадтар және балмұздақтар шығарыла бастады. Бұл өнімдерді Қазақ тағамтану академиясы онкологиялық және психологиялық ауруларды емдеу үшін пайдасы зор жаңа өнімдер деп бағалап, көпшілікке таныстырды. 

«Жақында бие сүтінен жасалған тағамдардың көмегімен онкологиялық, психологиялық ауруға шалдыққан науқастарды емдедік. Ауруы қозған, көңіл күйі жоқ адамдар үшін пайдасы мол. Жүрек-қан тамырлары аурулары осы өнімнің арқасында емделіп жатыр», - дейді Т.Шарманов өнімді таныстыру рәсімінде. Сондай-ақ бие сүтінде сиыр сүтіндегідей трансмай қышқылдарының жоқ екен.

«Өніміміздің құрамында сиыр сүтіндегі зиянды заттар жоқ. Ал сиырдың табиғи сүтінде трансмай қышқылдары болады. Ол - улы зат. Біз тұтынып отырған бие сүтінің құрамында остеопороз, диабет, атеросклероз сынды ауруларға қарсы тұруға көмектесетін зеттектер мен ақуыз бар», - деді Т.Шарманов.

Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский бие сүтінің клиникалық тәжірибеден өткенін, сондай-ақ, бие сүтінен емдік өнімдер дайындау үшін академия патент алғанын хабарлады.

«Бұл өнімдер жүрек-қан тамырлары аурулары, туберкулез кезінде, есірткі қатерлі ісігі кешенді терапиясында қолданылады. Біз клиникалық тексеру жүргізіп, оң нәтиже алып отырмыз. Бұдан өзге химиялық, сәулелендіру терапиялары кезінде пайдаланылады», - деді ол.

Дәл қазір Қазақстанда бие сүтінің негізінде жасалған 15 түрлі тағам бар. Айта кетсек, Қазақ тағамтану академиясының басшылығымен өз жұмысын бастаған «Амиран» зауыты торт, шоколад, ірімшік, йогурт, печенье сынды өнімдерге бие сүтін қосып жатыр. Аталған зауыт «Денсаулық» және «Саламат» торты, «Сенім» шоколады, «Береке» және «Дауа» йогурты, «Бақыт» балмұздағы, «Асыл» печеньесі және «Шипа» атты ірімшік шығарумен айналысып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары