$ 448.89  477.93  4.76

ҚР Денсаулық сақтау министрі менингитке байланысты Сағынтаевтан көмек сұрады

Елжан Біртанов менингококк вирусына қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар тиімділігін бағалау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысына іссапарға шығады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бекітіліп, жүргізіліп жатқан іс-шаралар тиімділігін бағалау мақсатында бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысына іссапарға шығуды жоспарлап отырмын. Іссапар қорытындысы бойынша, қажет болған жағдайда қабылданатын шараларға өзгерістер енеді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі Үкімет отырысында.

Біртановтың айтуынша, 2018 жылы 2018 жылы менингококк инфекциясы бар деген күдікпен  593 науқас қаралып, оның 213-і емделген. Ал, 58 науқаста инфекцияның бары белгілі болды. Оладың 21-і 14 жасқа толмағандар. Қазір 55 адам ем алу үстінде. Ал, көз жұмғандар саны – 13.

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының өңірлік штабтарының тиісті жұмысын және бекітілген республикалық штабтың жоспарын, тапсырмаларын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуді сұраймын. Сонымен бірге, ҚР Жедел медициналық көмек көрсету туралы қағидаларын бекіту туралы №450 бұйрыққа сәйкес, кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек жақын жердегі медициналық ұйымда көрсетілуі тиіс. Облыстардың емдеуге жатқызу тәртібі туралы барлық бұйрықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес келтірілуі тиіс», – деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары