26 жастағы алматылық келіншек АҚШ-тағы өмірі мен америкалық күйеуі жайында «NewTimes.kz» порталына әңгімеледі. Әсел 25 жасына дейін өмірінде махаббатын жолықтыра алмаған екен.
«Шынымды айтсам, неге екенін білмеймін жүрегімді жаулап алатын жігітті еш кездестіре алмадым. Бірақ отбасын құруды армандайтынмын. Баршылықта өмір сүргім келетін», – деп бастады әңгімесін Әсел. Қалыпты өмір сүруден жалыққан бойжеткен бір күні Нью-Йоркке жұмыс істеуге кетеді. Алайда, АҚШ-тығ ең ірі қаласында ол 3 айға дейін жұмыс таба алмай әбден қиналыпты. Әселдің айтуынша, Нью-Йоркте қазақтар көп. Алғашында қандастарымен араласып, тіл табысып көргісі келгенімен мұнысынан түк шықпапты, тіпті америкалық қазақтарға көңілі қалғанын айтып отыр. «АҚШ-қа Қазасқтаннан білімді, әрі әдемі, алдына мақсат қойған қыздар келеді. Бірақ шетелде жүрген біздің қазақ жігіттерге таң қаламын. Олар бұл жаққа көңіл көтеру үшін келетін сияқты. Қазақ жігіттері өзіміздің қаракөздермен кездеспейді. Қайдағы бір испан қызы немесе өзге ұлт өкілдерінің қыздарымен көңіл жарастырады. Қазақ азаматтарының намысына тигім келмейді, бірақ олар әйелді сүюді америкалықтан үйренсін», – дейді Әсел. Алматылық ару Нью-Йоркте электр энергиясы өндірісі жұмыс істеген. Еңбек еткен әрбір сағатына 12 доллар алып отырыпты. Ал тұратын үйі 800 доллар болған. Мұндай ақшаға Нью-Йорктен жақсы пәтер жалдауға болады. Сондай-ақ, Әсел Қазақстан мен АҚШ азаматтарының айырмашылығы жер мен көктей дейді. «Бірде Алматыда тұратын әпкеммен телефонмен сөйлестім. Сонда ол банктегілердің өзіне айғайлағанын айтты. Ал мына жақта адамдар бір-біріне сыйластықпен қарайды», – дейді ол. Қазақ жігіттерінен көңілі қалған Әсел америкалыққа тұрмысқа шыққан. Айтуынша, өзінен 12 жас үлкен күйеуі мұсылман дінін қабылдапты. Онымен қоймай, табысы жақсы көрінеді. Ерлі-зайыптылар биылғы жылдың ақпан айында тойларын өткізген. Әсел алғашқы кезде америкалық күйеуіне пәк екенін айтқанда ол қатты таңқалыпты. «Осы уақытқа дейін жігітпен жақын қарым-қатынаста болып көрмегенмін. Күйеуім – өмірімдегі бірінші еркек. Мұны білгенде ол таң қалды, бірақ 25 жасқа дейін пәктігімді сақтап келгеніме қуанды», – дейді Әсел. Қазақстаннан кетіп, нағыз бақытын Америкада жолықтырған алматылық ару қазіргі өмірінің ертегідей өтіп жатқанын айтады.